«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 441 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
14-тармақта:
7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;»;
15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін әзірлеу;»;
20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімнің жобасын әзірлеу;»;
33-1) тармақшамен толықтырылсын:
«33-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орын ауыстыруды қамтамасыз ету;»;
42-1) және 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) жарты жылдың қорытындысы бойынша - есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін орталық атқарушы органға мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу жөніндегі ақпаратты ұсыну;
42-2) жою немесе кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды қамтамасыз ету;»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, 8-қабат.»;
15-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: